Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтаудың 1994-1995 жылдарға және 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамасы туралы (негiзгi ережелер)

      Шаруашылық жүргiзу нысандарының сан алуандығы мен нарықтық қатынастарға көшу жағдайында жер реформасын тереңдету, жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен сақталуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының ұсыныстарын және ескертпелерiн ескере отырып әзiрлеген Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтаудың 1994-1995 жылдарға және 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамасы (негiзгi ережелер) мақұлдансын.
      2. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, жергiлiктi атқару органдары Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және  жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн, оның жергiлiктi жерлердегi органдарын осы тұжырымдаманың негiзгi ережелерiн iске асыру жөнiнде жан-жақты қолдап отыратын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.