Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияны тарату жөнiнде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы
Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi бұрынғы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы
Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның
қызметiн және 5 адамнан тұратын жұмыс аппаратын Байланыс
департаментiне берсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанынан
Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 7 қаңтардағы N 37 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
19 шiлдедегi N 804 "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң
мәселелерi" қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникациялар министрлiгiнiң қарамағына кiретiн кәсiпорындардың
тiзбесiне тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары