Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге сауда үстемесiн ырықтандыру туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республика бойынша нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге сауда үстемесiнiң бiрыңғай шектi мөлшерi 1995 жылғы 10 сәуiрден бастап жойылсын.
      2. Жергiлiктi әкiмдер, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазтұтыну одағымен бiрлесе отырып:
      нан өнiмдерiне сауда үстемесiн кезең-кезеңiмен ырықтандыруды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын;
      сауда ұйымдары мен кәсiпорындарының аталған өнiмдерге айналым шығасысын қалыптастыру, сауда үстемесiн қою мен қолдану тәртiбiн қатаң сақтауына бақылауды күшейтсiн.
      3. "Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пiсiрiлген нан орнына сатылатын  ұнның және құрама жемнiң бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1163 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж ., N 44, 472-бап) 2-тармағы 1995 жылдың 10 сәуiрiнен бастап күшiн жойған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.