Жапон Экспорт-Импорт Банкiнiң Қазақстан Республикасына берiлген
заем қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жапон Экспорт-Импорт Банкi заемы қаражатының түсуi мен
пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылады деп
белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
осы заемды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдан бастап жыл
сайынғы бюджеттердiң жобаларында проценттердi төлеу, ал 2000 жылдан
бастап проценттер мен негiзгi борышты өтеу үшiн қажеттi қаражат
бөлiнуiн көздеп отырсын;
1995 жылдан бастап жыл сайын бюджет жобаларында аталған заем
қаражатының пайдаланылуын тексеру жөнiндегi тәуелсiз халықаралық
аудиторлық фирманың қызмет көрсетуiне ақы төлеу үшiн қажеттi
қаражат көздесiн;
он күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкiмен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетпен 75 (жетпiс бес)
миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi заемды пайдалану тәртiбi туралы
келiсiм жасайтын болсын;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел
капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiне 1993-1995 жылдардағы
кеден декларациялары мен басқа да iлеспе құжаттарды тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Шетел
капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi:
<*>
заем қаражатын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн, сондай-ақ Жапон
Экспорт-Импорт Банкi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму
Банкiне осы мәселе бойынша есептер берiп отырсын;
Лондон мен Токиодағы ресми агенттерiнiң қызмет көрсетуiне
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек
заемының қаражатынан ақы төлеп отырсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
P961031_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi