Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының мәселелерi

      Мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз ету туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 309 P950309_ қаулысына сәйкес құрылған Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына 1995 жыл бойына тоқсан сайын аудара отырып, оның жарғылық қорын қалыптастыруға 500 (бес жүз) мың теңге бөлу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша мынадай:
      мемлекеттiк ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысшы;
      дайындаушы ұйымдар арасында мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
      мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу мен беруге бақылау жасауды ұйымдастыру;
      мемлекеттiк ресурс астығын пайдалануды ұйымдастыру оның қозғалысына есеп және бақылау жасауды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк ресурсқа астық көлемiн сатып алуға жiберiлген қаржы қажеттiлiгiн анықтау және аталған операцияларды қаржыландыруға тартылатын кредиттер жөнiндегi берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзу;
      заңды тәртiппен белгiленген кредит заемшылар мiндеттерiн жүзеге асыру жүктелсiн. 3. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын президент басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.