Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн анықтау туралы

      Кеден-тариф саясатын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелудi реттеудiң тарифтiк емес шараларын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. 1995 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына заңды тұлғалар әкелетiн және осы аумақта еркiн айналысқа шығарылуға тиiстi тауарды кедендiк ресiмдеу кезiнде тауарды шығарушы елдiң құзырлы органдары беретiн тауардың шығу сертификатын мiндеттi түрде ұсыну енгiзiлсiн. 
      2. Мыналар белгiленсiн: 
      осы қаулы 1995 жылдың 1 маусымына дейiн жасалған контрактiлер бойынша әкелiнетiн тауарларға қолданылмайды; 
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден әкелiнетiн тауарларға Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Үкiмет басшылары Кеңесiнiң Тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерi туралы 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiмен бекiтiлген тауарлардың  шығуы туралы сертификат қолданылады. 
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi ведомстволық  нормативтiк базасын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.<*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.