Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Үкiметаралық комиссияларды құру және олардың қызметi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Халықаралық келiсiмдер мен шарттарды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуды үйлестiру мақсаты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      I."Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 38-бап) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-түрiк комиссиясына - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары А.С.Есiмов;
      экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Индонезия комиссиясына - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң министрi Н.Ө.Балғынбаев".
      2."Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Монғол үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қыркүйектегi N 932 P930932_ қаулысымен құрылған Қазақстан-Монғол үкiметаралық бiрлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ж.С.Кәрiбжанов Қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы ретiнде енгiзiлсiн;
      Басқа жұмысқа ауысуына байланысты С.Д.Бейсенов аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.
      3. "Қазақстан-Израиль үкiметаралық бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қаңтардағы N 17 қаулысымен құрылған Қазақстан-Израиль үкiметаралық бiрлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi В.В. Храпунов (қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы ретiнде) енгiзiлсiн.
      Басқа жұмысқа ауысуына байланысты С.Ж. Әбiшев аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.
      4. Комиссиялардың қызметi "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен P950062_ реттеледi деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.