"КАТЭП" Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық
акционерлiк компаниясының /бұдан әрi - КАТЭП/
кәсiпорындарында жұмыстың қауiпсiздiгi проблемалары жөнiнде ғылыми
зерттеулер мен сараптаулар өткiзудiң, апаттар мен жарақаттанудың
алдын ала шараларын жүзеге асырудың қажеттiлiгiне байланысты
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Үлбi" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының Үлбi
жобалау-конструкторлық институты жанынан "КАТЭП" компаниясының
кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi
ғылыми-зерттеу орталығы /бұдан әрi - Орталық/ құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз
жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетке
Орталықтың қызметiне әдiстемелiк және жедел басшылық жасау,
олардың жұмысын белгiлейтiн нормативтiк актiлердi пысықтау мен
келiсу тапсырылсын.
<*>
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау және кен қадағалау комитетi, "Үлбi" мемлекеттiк холдингтiк
компаниясының Үлбi жобалау-конструкторлық институты үш айлық мерзiмде
Орталықтың ережесi мен құрылымын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтарға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
P961031_
4. Орталық қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
"КАТЭП" кәсiпорындары мен объектiлерiнде жұмыстың
қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын
техникалық құжаттамаларды мемлекеттiк сараптаудан өткiзу,
жаңадан жасалған, жетiлдiрiлген және шетелдiк металлургиялық және
химиялық құрал-жабдықтармен бақылау-өлшеу приборларын сынау мен
сертификаттауды жүзеге асыру;
"КАТЭП" компаниясы кәсiпорындарының металлургиялық және
химиялық объектiлерiн салу, қайта жаңарту мен тоқтату /жоюды/
жобаларының техникалық құжаттамаларын сараптаудан өткiзу;
техникалық кауіпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормативтiк
техникалық құжаттардың жобаларын "КАТЭП" компаниясымен бiрлесiп
әзiрлеу, сондай-ақ металлургиялық және химиялық объектiлерде
жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiнде келiсiмдер мен қорытындылар
беру үшiн құжаттама дайындау;
техникалық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде жобалау-сметалық
құжаттамаларды әзiрлеуге қатысу.
5. Орталық қаржыландыру "КАТЭП" компаниясының
кәсiпорындарымен тiкелей келiсiм бойынша шаруашылық негiзiнде
жүзеге асырылсын, ал перспективалық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы
ғылыми-зерттеулер - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi
комитеттiң "КАТЭП" кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi
мақсатты ғылыми зерттеулерге аударған ақшалары есебiнен құралатын
орталықтандырылған қорынан қаржыландырылады.
<*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
P961031_
6. Орталықтың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу контракт және
шаруашылық негiздегi қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк
актiлерге сәйкес белгiленсiн.
7. "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының "КАТЭП"
компаниясы Орталыққа ғылыми-техникалық және эксперименттiк
базаларын құруда және нығайтуда жәрдем көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi