Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Экспорттық және импорттық айырбас операцияларына тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 984 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Экспорттық және импорттық айырбас операцияларына тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 984 қаулысы мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Бұл қаулының күшi үстiмiздегi егiн орағына әзiрлiк пен оны өткiзу үшiн материалдық-техникалық ресурстарды беруге байланысты айырбас операциялары бойынша 1995 жылғы 1-қазанға дейiнгi кезеңге жасалған контракттарға қолданылмайды". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi