Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру, инвестицияларды, озық технологияларды тарту және кәсiпорынды тиiмдi басқарудың тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы "Қазинтерметалл" акционерлiк қоғамының ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқару құқына контракт жасасын. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан аталған контрактыға қол қоюға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына өкiлеттiк берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын "Ақсұңқар" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан заңдарда белгiленген тәртiппен шығарсын. 
      4."Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару контрактысы шарттарының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн. 

    Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.