Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегi шаралар туралы

      Қасқырлар мен шиебөрiлердiң ауыл шаруашылығына тигiзген экономикалық шығын ауқымының ұлғайғанын және олармен күресу жөнiнде шаралар жүргiзудiң қажеттiгiн ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi табиғат қорғау қорларының шығыстар сметасында қасқырлар мен шиебөрiлерге қарсы күрестi ұйымдастыруға қаражат көздесiн.
      2. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Аңшылар мен балықшылар қоғамы, "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы:
      экобиологиялық тепе-теңдiктiң сақталуын ескерiп, қасқырлар мен шиебөрiлердi атуды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында әрбiр олжаланған жыртқыш үшiн (терiсiнiң құнынсыз) ересек қасқырға кемiнде 2000 теңге, бөлтiрiгiне 800 теңге және шиебөрiге 600 теңге мөлшерiнде сыйақы көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi қасқырлар мен шиебөрiлерге аңшылық кәсiпшiлiктiң шикiзатын, халық тұтынатын тауарларды және басқа да аңшылық өнiмдердi экспорттауға аңға шығарушыларға лицензия берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Аңшылар және балықшылар қоғамы, "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы қасқырлар мен шиебөрiлерге шетелдiк аңшылықты ұйымдастыруды жандандырсын. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстардың әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлерiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.