Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылай сауықтыру туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылай сауықтыру, инвестициялар, озық технологияларды тарту және кәсiпорынды тиiмдi басқарудың оң тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Ривер" Интернешнл С.А." компаниясының "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн оған басқаруға беру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқаруға "Ривер Интернешнл С.А." компаниясымен контракт жасау тапсырылсын. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан аталған контрактiге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын "Ақ сұңқар" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан; 
      "Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 шiлдедегi N 757 қаулысына  P940757_  сәйкес жасалған контрактiнiң бүкiл мерзiмiне оны республикалық бюджеттен қаржыландыруға қалдырып, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының құрамынан "Су құю" еншiлес кәсiпорнын заңдарда белгiленген тәртiппен шығарсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi кәсiпорынды басқару құқығына аталған контрактi шарттарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлiн тағайындап, оған осы қаулының жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүктесiн. 

    Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.