Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем туралы

      1. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займын беру шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем мынадай деңгейде белгiленсiн: 
      а) кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қайта құрылуына немесе қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруына байланысты жұмыстан босаған адамдарға - заңмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң алты есе мөлшерiнде;<*> 
      б) жұмыссыздардың басқа санаттарына - есептiк көрсеткiштiң үш есе мөлшерiнде.<*> 
      Бұл қосымша төлемдер жәрдемақы (стипендия) мөлшерi "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлгендегiмен бiрдей немесе одан асатын жұмыссыздарға төленбейдi. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.  N 987 қаулысымен.  
      2. Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жасалсын. 
      3. Бұл қаулы 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен күшiне енедi.

       Премьер-министр