Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының мөлшерiн көбейту туралы

      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 945 қаулысына сәйкес қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына 1995 жылғы 1 қазаннан бастап түзетiлген есеп айырысудың 1,07 коэффициентi қолданылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi