"Әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен
Австрия Федералдық Үкiметiнiң арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2442
U952442_
Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен
дамыту жөнiнде 1995 жылғы арналған шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013
Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145
P950145_
қаулысымен
бекiтiлген әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында,
темiржол, автомобиль және әуе көлiктерiнде қолдағы шетел валютасына
тауарлар сатуға (жұмыс, қызмет көрсетуге) құқық берiлген
кәсiпорындар мен ұйымдар тiзбесiне (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 6, 68-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың бiрiншi абзацы "Азамат" сөзiнен кейiн "Орталық
Азия туристiк корпорациясы" сөздерiмен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi