Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 47, 527-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Аталған қаулымен бекiтiлген еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы

 

зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен

зерттеп-тексеру жөнiндегi Ереженiң 19-тармағы мынадай мазмұндағы

абзацпен толықтырылсын:

     "жұмыс берушi сондай-ақ өз ұйымында болған топтық және өлiмге әкеп

соққан бақытсыз жағдайларға зерттеу жүргiзген Мемлекеттiк қадағалау

және бақылау органының iссапар шығындарының орнын толтыруға мiндеттi"


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары