Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895  Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Жарлық күшiне енген сәтiнде сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының толық мүшелерiне айлық есеп айырысу көрсеткішінің 60 есе теңге мөлшерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң ай сайынғы өмiрлiк стипендиялары белгiленсiн. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.20.  N 1945 , 2005.02.22.  N 163 қаулыларымен.  
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап стипендияға арналған шығындарды республикалық бюджетте көздеп, 1996 жылы стипендиялар төлеу үшiн қажеттi ақша қаражатын iздестiрсiн. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.