Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

      Қаржы-экономикалық сауықтыру мен төлем жасау қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру перспективасының болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дәрменсiз кәсiпорындарды санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 1996 жылғы 21 наурыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен: Батыс Қазақстан облысының "Металлист" Орал зауыты" АҚ шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi