Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

      Республиканың ауыл шаруашылығында мемлекеттiк емес сектор ролiнiң барған сайын артып отырғандығы мен мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын бөлу қажеттiгiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстардың нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз етуi жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 
      1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi