Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Заңды тұлғалардан табыс салығын ұстаудан босатылатын халықаралық ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 P951055_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27,

 

316-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген заңды тұлғалардан табыс салығын

ұстаудан босатылатын халықаралық ұйымдардың тiзбесi мынадай

мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "47. Халықаралық Аралды құтқару қорының қоғамдық қоры".

     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

         орынбасары