Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 733 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылы жүргiзетiн тез қайтымды инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы  N 733 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Кредиттiк ресурстарды орналастыру жөнiнде қазақстандық банктер арасында конкурс өткiзу туралы ереженiң 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6. Конкурстың негiзгi шарттары: банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бұрын берiлген құжаттарды, пруденциялдық нормативтердi соңғы 6 ай бойы сақтауы; 
      банкте 4 млн. АҚШ доллары баламдығынан асатын өз капиталының болуы; 
      банкте инвестициялық жобаларды iрiктеу және сараптау, қаржыландыру және оларды iске асыруды бақылау жөнiндегi бөлiмшелер мен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы; 
      банктiң инвестициялық жобаларды бiрлесiп әр жобаның кем дегенде 10 процентi сомасына қаржыландыруға қатысу мүмкiндiгi". 
      2. Конкурсты ұйымдастыру тәртiбi мен өткiзу шарттары туралы, 
      сондай-ақ тез қайтымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы ереженiң "Жобаларды қаржыландырудың тәртiбi мен шарттары" деген 4-бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Жобаларды қаржыландырудың тәртiбi мен шарттары. 
      Қаржыландыруға өкiлеттi банктер берген және Комиссия бекiткен жобалар тiзiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өкiлеттi банктермен 3 жылға дейiнгi мерзiмге жылына 4 проценттiк бұзу құқығынсыз, жобаны iске асыруды банк немесе Комиссия тоқтатқан жағдайларды қоспай, кредиттiк шарттар жасасады. 
      Әрбiр өкiлеттi банкке бөлiнетiн кредиттер лимитi өз капиталына сайма-сай айқындалады және банктер берген жобаларды Комиссияның бекiтуi бойынша толтырылады деп белгiленсiн. 
      Банктер займшыларға кредит берудi либор+2 проценттен аспайтын ставка бойынша iске асырады. 
      Кәсiпорын-займшылар жобаларды қаржыландыруды қажетiне қарай банктiң кредиттiк бөлiмшелерiнiң бақылауымен iске асырады. 
      Жобаны толық көлемiнде мерзiмiнен бұрын жүзеге асырылған және кредиттiк берешек мерзiмiнен бұрын өтелген жағдайда кәсiпорын импорттың орнын ауыстыратын өндiрiстi кеңейтуге немесе толықтырушы өндiрiстi дамытуға бағытталған жаңа жобаны қарауға айрықша құқық алады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жоба бойынша кредитке берiлген, Комиссия қаржыландыруға қабылдаған сомаларға қатысты мiндеттi резервтеу нормаларын өкiлеттi банктерге қолданбау ұсынылсын". 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.