Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

      Кредиторлық берешектердiң азаюына және төлем жасау қабiлетiнiң қалпына келуiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дәрменсiз кәсiпорындарын санациялау мен жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 1996 жылғы 17 мамырдағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен: Қарағанды облысының "Карбид" АҚ-ы алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнен Қарағанды облысының "Карбид" АҚ мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқын қайтып алсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.