Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

 


     "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын

күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң

1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 281-бап) Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрiнiң

           орынбасары


                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                        1996 жылғы 15 шiлдедегi

                                            N 905 қаулысына

                                                қосымша


              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

             шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы



 
       1. "Қазақ КСР территориясында шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындар мен ұйымдар құрудың және олардың қызметiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 31 қазандағы N 661 қаулысы (Қаз.КСР ҚЖ. 1991 ж., N 24, 178-бап).
      2. "Қазақстан Республикасының шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 желтоқсандағы N 1073 қаулысы.
      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1327 қаулысымен бекiтiлген заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 407-бап).
      4. "Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 26-бап).
 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.