Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар бағдарламасы туралы


      Елiмiздiң экономикасын энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын кезең-кезеңмен шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi әзiрлеген 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар бағдарламасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Мемлекеттiк электр энергетикасын реттеу комиссиясымен бiрлесiп 1997-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспарларды жасаған кезде салада жүргiзiлген құрылымдық-экономикалық өзгерiстердi ескере отырып аталған бағдарламаға қажеттi түзетулер енгiзсiн. 3. Осы қаулының орындалуына және электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестіруге бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.