Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы, Тауар биржаларын лицензиялау туралы Ережелердi және Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 P950755_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 19, 216-бап) мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың үшiншi тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының тауар биржалары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша тоқсан сайын есеп берiлуiн енгiзсiн";
      4-тармақ 5-тамрақ болып есептелсiн;
      аталған қаулымен бекiтiлген Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына:
      Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары, төраға;
      Омарова Г.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi өнеркәсiп және сауда саясаты бас басқармасы бастығының орынбасары;
      Табаева Ш.Б. - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Монополиясыздандыру және даму басқармасының бастығы енгiзiлсiн;
      Қ.М.Смағұлов, Н.В.Радостовец комиссия құрамынан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.