Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшiн әрқайсысы жыл сайын республикалық бюджетте белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнде 75 мемлекеттiк ғылыми стипендия және талантты жас ғалымдар үшiн - әрқайсысы айлық есептiк көрсеткiш көлемiнiң 7 еселенген мөлшерiнде 150 мемлекеттiк ғылыми стипендия тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы екi ай мерзiмде мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралыереженi әзiрлесiн және Үкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап республикалық бюджет қаражатын қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк ғылыми стипендияларды төлеуге арнап қаражат көздейтiнболсын.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi






  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.