Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ұйымдардың және халықтың қаражатын тұрғын үй құрылысына тарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

      Мемлекеттiк қаржыландыру көлемiнiң жеткiлiксiздiгiне, заңды және жеке тұлғалардың инвестициялық белсендiлiгiнiң төмендiгiне байланысты республикада тұрғын үй құрылысының қарқыны кенеттен төмендеп кеттi. 
      Салына басталған тұрғын үй құрылыстарын жедел аяқтау және халықтың қосымша қаражаттарын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң дайын пәтерлердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiне тапсырған ұйымдардың республикалық бюджетке төлем бойынша берешектерiне республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және оның құрылысына жеңiлдiктi ұзақ мерзiмдi кредиттендiру үшiн ресурстар бөлуге көзделген қаражат есебiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Аталған есептемелер бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша екi айлық мерзiмде Ұйымдар мен халықтың қаражаттары есебiнен салынған тұрғын үйлерді қабылдап алу мен сату тәртiбi туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.