Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң кейбiр нормативтiк актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы
Шығаратын өнiмнiң отандық та және шетелдiк те тұтынушылар үшiн
маңыздылығын ескерiп, қалыптасқан ғылыми-техникалық әлеуеттi сақтау
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қорғау" ұлттық акционерлiк комиссиясын қайта ұйымдастыру
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы
N 603 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулыға 1-қосымшада:
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне "Қорғау" ұлттық акционерлiк
компаниясының иелiк ету, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылатын
акционерлiк қоғамдардың тiзбесi;
"Қазақ радиотехника зауыты" АҚ, Алматы қаласы;" сөздерiмен
толықтырылсын.
2-қосымшада:
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес сатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнен:
"Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы;" сөздерi алынып тасталсын.
4-қосымшада:
акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға
басшыларымен контракт жасалатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi:
"Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы";
"Қазақ радиотехника зауыты", Алматы қаласы" сөздерiмен
толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс
жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы
N 8 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1,
5-құжат) 15-тармағының;
"Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 446
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20,
198-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi