Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 472 қаулысына өзгерту енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнде Мал дәрiгерлiгi комитетiн құру туралы" 1996 жылғы 19
сәуiрдегi N 472 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
I-тармақтағы "осы министрлiктiң орталық аппаратына белгiленген
адам саны мен қаражат шегiнде" деген сөздер "оның iшiнде "Қазақстан
Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының
есеп-қаржы қызметiн орталықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 қаулысына сәйкес 13 бiрлiк
Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының адам саны қысқарту
есебiнен және 7 бiрлiк-министрлiктер мен ведомстволар орталық
аппаратының адам санын қысқарту есебiнен" деген сөздермен
алмастырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi