Қарағанды облысында экономиканы реформалау процесiн жеделдету,
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен "Сарыарқа" аймақтық
бағдарламасын атқару үшiн қажеттi микроэкономикалық реттеу
технологиясын дайындау, аймақтың өнеркәсiптiк өзiндiк ерекшелiгiн
ескере отырып облыс экономикасына инвестицияларды тарту мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп
екi апта мерзiмде жарамсыз мүлiктерi, борышкер кәсiпорындары бар
объектiлердi, құрылысы аяқталмаған және әлеуметтiк сала
объектiлерiнiң тiзбесiн анықтасын және аталған объектiлердi сату үшiн
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi:
"Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
6 мамырдағы N 562
P960562_
қаулысына жарамсыз мүлiктер бойынша құнды
анықтауға қатысты толықтырулар енгiзу туралы қаулының жобасын екi апта
мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын;
жарамсыз мүлiктерге саудаластық өткiзген жағдайларда
объектiлердi сатудың, жекешелендiрiлетiн объектiлерге инвестицияларды
тартудың оңайлатылған тәртiбi көзделсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi министрлiктермен, мемлекеттiк
комитеттермен, ведомстволармен және мемлекеттiк меншiктiң құқық
субъектiлерi болып табылатын өзге де мемлекеттiк уәкiлеттi
органдармен бiрлесiп Қарағанды облысы бойынша аймақтың экономикасына
қажеттi инвестицияларды тарту мақсатында кепiл ретiнде пайдаланылуы
мүмкiн объектiлердiң тiзбесiн анықтасын және Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi Қарағанды аумақтық комитетiне кепiл берушi
өкiлеттiгiн берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп
қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу мақсатында дәрменсiз
борышкерлердiң тiзбесiн анықтасын.
5. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң
күшi бар Жарлығына сәйкес борышкерлердiң кредиторларға қоятын
талаптарын қанағаттандыру сыртқы басқаруды қалыптастыру кезеңiнде
тоқтатылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
Қарағанды аумақтық комитетiне "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 1113
P961113_
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк жөнiндегi Ереженiң 5-тармағының
отызыншы абзацында көзделген өкiлеттiктердi берсiн.
7. Қарағанды облысының әкiмi:
тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында iшкi рынокты сапасыз
тауарлардан қорғау шаралары жөнiнде Қазақстан Республикасының
Үкiметiне екi ай мерзiмде ұсыныс енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп екi
апта мерзiмде "Сарыарқа" аэропортының базасында арнаулы экономикалық
аймақ құру туралы материалдар әзiрлесiн және оларды Қазақстан
Республикасының Үкiметiне тапсырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi