Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарын тарату мәселелерi

      "Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарының өндiрiсi мен өнiм шығаруы экономикалық жағынан мақсатқа сай келмейтiндiгiн және олардың көп мөлшерде кредиттiк берешектерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнен "Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын қайтарып алсын;
      "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 65-бабына сәйкес аталған акционерлiк қоғамдарды жалпы жиналыстарда тарату туралы мәселелердi шешсiн. 2."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1145 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.