Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы

      Ядролық-энергетикалық кешендi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, республикада уран өндiрiсiн одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекет қатысу үлесi жүз проценттi құрайтын "Қазатомөнеркәсiбi" ашық акционерлiк қоғамын құру жөнiнде ұйымдастыру шараларын бiр ай мерзiмде заңға сәйкес жүзеге асырсын:
      "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына мүлiктiк кешен ретiнде мына кәсiпорындар енгiзiлсiн: Қызылорда облысының N 6 кен басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Степное кен басқармасы мен Орталық кен басқармасы, сондай-ақ "Волковгелогия" акционерлiк қоғамының акциялар пакетi;
      "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн және "КАТЭП ҰАК" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару жөнiндегi құқық берiлсiн; <*>
      <*>
      басқарма төрағасы Б.М.Шаяхметовтiң және басқарма төрағасының орынбасары В.Г.Язиковтiң кандидатурасы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамы жалпы жиналысының қарауына ұсынылсын;
      <*>
      тиiмдi өндiрiс қызметiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына "Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi" банктiк қызмет көрсету және қаржылай қолдау туралы ұсынысына келiсiм беру ұсынылсын. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 4-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.12.25. N 1604 қаулысымен. P961604_
               ҚРҮ-нiң 1996.12.25. N 1604 қаулысының күшi жойылған.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.10. N 189
               қаулысымен. P970189_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.21.
               N 248 қаулысымен. P970248_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 6 абзацындағы сөздер алынып тасталған -
               ҚРҮ-нiң 1998.04.17. N 347 қаулысымен. P980347_

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамын мынадай мемлекеттiк мәселелердi:
      Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      уран және оның қосылыстарын барлау, шығару, өңдеу, өндiру және сату;
      берiлiп отырған мүлiктiк кешеннiң аумағында тұрған ядролық материалдарды ұстау мен қамтамасыз етудi жүзеге асыруға қатыстыру жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына Уанас, Қанжуған, Оңтүстiк және Солтүстiк Қарамұрын, Иiркөл, Мойынқұм, Харасан, Буденновское, сондай-ақ Мыңқұдық кен орнының Ақдала және Восточный учаскелерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқығына тиiстi лицензияларды белгiленген тәртiппен ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамымен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге белгiленген тәртiппен қажеттi контрактiлер жасасын.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына тиiстi жер пайдалану құқығын ресiмдесiн.
      6. "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамын құру процесiн жалпы үйлестiру, ядролық-отын циклымен байланысты қолданыстағы мiндеттемелерге талдау жасау мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия құрылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен:
      Жамбыл облысының "Восточное кен басқармасы" және "Батыс кен басқармасы" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн, оларды тендерде сату үшiн, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн; <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.02.10. N 189 қаулысымен. 8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 250 қаулысының 8-тармағынан үшiншi абзац алынып тасталсын. <*> ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 2-13-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.02.24. N 130 қаулысымен. P980130_ ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 2-7-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.07.15. N 984 қаулысымен. P990984_ 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 қаулысына қосымша Комиссия құрамы Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, төраға Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi Храпунов В.В. - Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi Язиков В.Г. - "КАТЭП ҰАК" акционерлiк қоғамының президентi <*> Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстанның Халықтық Банкi басқармасының төрағасы <*> ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.21. N 248 қаулысымен. P970248_
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.