Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының қара металлургия және алюминий салаларының шикiзат базасы кәсiпорындарының өнiм шығару көлемiн ұлғайтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

      Өндiрiлетiн темiр рудасы өнiмдерiне деген республика iшiндегi рыноктың шағын сұраныс және алғашқы алюминий өндiрiсi жөнiндегi қажеттi қуаттың болмауы темiр рудасы және сазбалшық шикiзатының iс жүзiнде шет елдерге экспортына бағдар бердi. Рынокта шиеленiсiп отырған шикiзат өткiзуге деген бәсекелестiк өндiрушi-елдердi өздерiнiң тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiнде кезек күттiрмейтiн шараларды қабылдауға мәжбүр еттi, мұның өзi олардың өндiрген темiр рудасы мен сазбалшық шикiзаты өзiндiк құнының қазақстандық өндiрушiлер өнiмiнiң өзiндiк құнына керiсiнше кемiне, соның салдарынан қазақстандық өнiмнiң рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiнiң төмендеуiне, темiр рудасы шикiзаты экспортының 40 процентке қысқаруына және сазбалшық шикiзатын өндiрудiң дәстүрлi рыногының шын мәнiнде жойылу қаупiне, кәсiпорынның қаржы-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келдi.
      Қара металлургия мен алюминий салаларының шикiзат базасы кәсiпорындарының өнiм өндiру көлемiн ұлғайтуды, оның iшкi рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi:
      бiр ай мерзiмде темiр рудасы мен алюминий шикiзатының әлемдiк рынок конъюнктурасына жасалған талдауды және оған сұраныс пен ұсыныстарға болжауды Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын және осы тенденциялардың дамуын ескере отырып отандық тауар өндiрушiлердi iшкi және сыртқы рыноктарда ынталандыру жөнiндегi шараларды әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының қара металлургия кен-байыту комбинаттары мен алюминий салалары кәсiпорындарының шикiзат тауарларын өңдеу үшiн, оларды кейiннен өзге тауарлардың құрамында олардың сыртқы шекараларынан шығаратын болып ТМД елдерiне шығарған кезде Қазақстан Республикасының тауарлардың ТМД-дан тысқары жерлерге экспорты үшiн көзделген кеден режимiне жатқызылады деп белгiленсiн.
      Қазақстандық кәсiпорындардың салық салу мұқтаждықтары үшiн Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауар экспорты фактiлерiн растайтын қажеттi әрi жеткiлiктi шарттар болып мыналар табылады:
      кәсiпорын орналасқан жер бойынша салық органдарына қазақстандық кәсiпорынның Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерiнiң резидентi болып табылмайтын шет елдiк фирмамен немесе өзге тұлғамен жасасқан, соңғылары сатып алған қазақстандық тауарлардың, соның iшiнде оларды ТМД кәсiпорындарында өңделгеннен кейiн де ТМД-дан тысқары шығаруға арналғандығы көрсетiлуi тиiс экспорттық контрактiнi толық көлемде ұсыну;
      ТМД кәсiпорнының оларға қазақстандық кәсiпорын берген немесе қазақстандық кәсiпорыннан шет елдiк сатып алушы сатып алған және ТМД кәсiпорнына берiлген шикiзатты олардың өңдегенi және дайын өнiм құрамында ТМД-дан тысқары шығарғаны туралы экспортқа шығарылатын өнiм туралы кеден декларациясының көшiрмесiн қоса жазбаша растауы.
      3. Қостанай облысы әкiмiнiң қара металлургия кен-байыту комбинаттары мен алюминий саласының әлеуметтiк салалар объектiлерiн осы желiнi оңтайландыру мен қайта ұйымдастыруды ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың балансына қабылдау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi осы қаулыға сәйкес 1996 жылдың III тоқсанынан бастап ҚҚС бойынша қайта есептеулер жүргiзсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.