Қызыл кiтапқа енгiзiлген жабайы жануарлардың гендiк қорын
сақтаудың биотехнологиялық негiздерiн әзiрлеу жөнiнде ғылыми зерттеулер
жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы Зоология және жануарлар
генофонды институтына екi еркек және үш ұрғашы арқар, оның iшiнде
1997 жылы - екi еркек және бiр ұрғашы және 1998 жылы - екi ұрғашы
арқар аулауға рұқсат етсiн.
Аулау "Қызыл кiтапқа енгiзiлген хайуанаттарды шектеп алудың
мүмкiндiктерiн зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 наурыздағы
N 348
P950348_
қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,
N 10, 120-құжат) орман шаруашылығы органдарына 1997 жылға арнап
бекiтiлген арқар аулау лимитiнiң есебiнен жүргiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi 1997-1998 жылдары аталған жануарларды аулауға уақтылы
рұқсат берiлуiн қамтамасыз етсiн және олардың пайдаланылуына бақылау
орнатсын.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
Академиясы ғылыми тәжiрибенiң жүргiзiлуiне бақылау орнатсын және
жасалған зерттеулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметiне хабарлап отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi