Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының жеке құрамы мен оның өкiлеттiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3236 N963236_ өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 P951520_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 449-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      4-тармақта:
      екiншi абзацтағы "астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың Мемлекеттiк бағдарламасын" деген сөздер "астананы көшiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      екiншi абзацтағы "астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың Мемлекеттiк бағдарламасын" деген сөздер "астананы көшiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың төртiншi абзацындағы "аппараттың жетекшiсi Комиссияны Төрағасымен келiсiп" деген сөздер "Комиссия төрағасы аппарат басшысының ұсынысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комиссия Төрағасының ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және босататын орынбасарлары болады.
      Комиссия Төрағасы:
      астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлу жағдайы бойынша жауапкершiлiкте болады;
      Комиссия қызметiне басшылық жасайды, орынбасарлар мен Комиссия мүшелерi арасында мiндеттердi бөледi, Комиссия қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық жасағаны үшiн олардың жауапкершiлiктерiнiң деңгейiн белгiлейдi".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi