Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi
әскерлерiне жоғары бiлiктi офицер кадрларын даярлау мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Петропавл ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының
базасында жыл сайын 220 адам қабылдап жоғары әскери-арнаулы және орта
әскери-арнаулы бiлiмдi офицер кадрларын даярлау үшiн 1997 жылға
арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi
әскерлерiнiң жалпы адам саны мен қаражаты есебiнен Петропавл қаласында
Қазақстан Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери
училищесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
училищенi құру жөнiндегi ұйымдастыру мәселелерiн шешу үшiн 1997
жылға Iшкi әскерлерге бекiтiлген смета есебiне үстiмiздегi
жылдың бiрiншi жарты жылдығына 75 (жетпiс бес) млн, теңге сомада
қаржыландыру жасасын;
1998 жылдан бастап аталған жоғары оқу орнын ұстауға және
материалдық-техникалық базасын нығайтуға белгiленген нормалар бойынша
республикалық бюджетте қажеттi қаржы көздесiн.
3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi әскери қызметшiлер мен
профессор-оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi