Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының жеке құрамы және оның өкiлеттiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3236 N963236_ өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 P951520_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 449-құжат);
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында мыналарды ұйымдастырады;
      жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзу;
      құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылау жасау;
      жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялау";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылауды және жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялауды ұйымдастырады"; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына 1-қосымшада (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат); 6 реттiк номер, 3-баған "құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру бойынша жұмыстар" деген сөздерден кейiн "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiруге қатысты Ақмола қаласының аумағындағы объектiлердi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; 30-реттiк номерi, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "30. Қазақстан Республикасының жоғары және орталық Жоғары және орталық мемлекеттiк мемлекеттiк органдарды органдарды Ақмола қаласына Ақмола қаласына көшiруге көшiру жөнiндегi мемлекеттiк қатысты объектiлер комиссиясы бойынша Ақмола қаласының аумағында жобалау- iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрылыс материал. дары, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жұмыстары". Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары