Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлену және оны
өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 19 шiлдедегi N 810 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 340-құжат):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа да орталық
атқарушы органдар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Алматы
қаласындағы мұражай үйiнiң құрылысы-қайта жаңарту жұмыстарына,
сондай-ақ М.О.Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оған
арналған мерейтой шараларын жүргiзуге байланысты шығыстарды тиiстi
орталық атқарушы органдар мен облыстардың және Алматы қаласының
әкiмдерi республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат
есебiнен жүргiзсiн.
Мерейтойлық шараларды әзiрлеу және өткiзу кезiнде мемлекеттiк
сатып алулар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) "Қазақстан
Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 13 мамырдағы N 586
P960586_
қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан
Республикасында республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулардың жүйесi
туралы Ережеге және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып
алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925
P960925_
қаулысымен бекiтiлген, аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн
жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге
асырылсын".
2. "Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын мерекелеуге
әзiрлiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
10 маусымдағы N 721
P960721_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 236-құжат);
11-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына әзiрлiк жөнiндегi
бiрiншi кезектегi шаралар республикалық бюджетте көзделген тиiстi
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қаражатының есебiнен
жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Аталған шараларды жүзеге асыруға байланысты мемлекеттiк сатып
алулар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) "Қазақстан Республикасында
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып
алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
13 мамырдағы N 586 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында
республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге
және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi
туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 қаулысымен бекiтiлген, аймақтық
сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге
сәйкес конкурстық негiзде жүргiзсiн".
3. "II Орталық Азия ойындарын өткiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1341 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 431-құжат):
4 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. II Орталық Азия ойындарына әзiрлiк және оны өткiзу
жөнiндегi шаралар 1997 жылға арналған республикалық бюджетте
көзделген тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың
қаражатының есебiнен жүргiзiлсiн.
10. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi
II Орталық Азия ойындарына әзiрлiк және оны өткiзу кезiнде спорт
құрылыстарын жөндеудi "Қазақстан Республикасында тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586
қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында республикалық
бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге және
"Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi
туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 қаулысымен бекiтiлген, аймақтық
сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге
сәйкес жүргiзiлсiн".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi