Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу үшiн шығармашылық демалыстар беру туралы

      Педагогикалық және ғылыми қызметкерлердi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде арналған оқулықтар мен оқу құралдарын әзiрлеуге тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Оқу және ғылыми орындардың басшылары педагогтiк және ғылыми қызметкерлерге оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларын аяқтау жұмысы үшiн негiзгi жұмыс орнында орташа айлық жалақысын сақтай отырып, белгiленген тәртiппен конкурстық негiзде 3 ай мерзiмге дейiн шығармашылық демалыс беруге құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi мен Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы және Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен бiр ай мерзiмде мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
      Оқу және ғылым орындарының қызметкерлерiне шығармашылық демалыстар беру тәртiбi туралы ереже;
      Оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болған қызметкерлердi конкурстық негiзде материалдық көтермелеу туралы ереже;
      Авторлардың қолжазбаларына конкурс өткiзу тәртiбi туралы ереже.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi мен Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың келiсiмi бойынша жыл сайын оқу жылының басында басылымдардың тақырыптық жоспарларын бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi