Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң құрылымы туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес және алқаның сандық құрамы 15 адам болып бекiтiлсiн.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1551
               қаулысымен. P971551_
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1659 P961659_ қаулысы; "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1660 P961660_ қаулысы; "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 ақпандағы N 231 P970231_ қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 646 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Электр энергетикасы департаментi (заңды тұлға құқығында) Тау-кен департаментi Мұнай және газ департаментi (заңды тұлға құқығында) Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi Кадр бөлiмi Режим және әскери-жұмылдыру жұмысы жөнiндегi бөлiм Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы <*> ЕСКЕРТУ. Қосымшаға жаңа жолмен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.11. N 1099 қаулысымен. P971099_