Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi
N 916
P950916_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 23,
264-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан
Республикасы Президентi жанындағы Жоғары экономикалық кеңес
төрағасының орынбасары З.Х.Кәкiмжанов Қазақстан Акционерлiк Халықтық
Жинақ Банкi Байқаушы кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалсын;
Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi Байқаушы кеңесiнiң
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Ж.Ж.Ертiлесова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Е.К.Мұқанов - Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi
Басқармасының төрағасы;
И.Н.Тасмағамбетов, Е.С.Никитинская аталған құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi