Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы  N 56  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      аталған қаулыға "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары" деген 1-қосымшаға: 
      "Құрылымдық-институционалдық қайта құрулар" деген II тараудағы реттiк нөмiрi 37-жолдың 4-бағанындағы "1996" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi