Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тiзбесiне енгiзiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiнiң көлемiн айқындау туралы

Қазақстан республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. "Бағалы қағаздармен биржалық сауда жасауды жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 желтоқсандағы N 1538 қаулысына P961538_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 499-құжат) сәйкес мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын мына шаруашылық жүргiзушi субъектiлер сатудың бiрiншi кезеңiне қойылсын: "Қазақстан алюминийi" акционерлiк қоғамы - 5 процент; "Казхром" акционерлiк қоғамы - 2 процент; "Соколов-Сарыбай КБӨБ" акционерлiк қоғамы - 2 процент; "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы - 16,5 процент; <*> "Қазақстан Халықтық Банкi" акционерлiк қоғамы - 10 процент; <*> "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы - 30 процент; "Борлы" акционерлiк қоғамы - 10 процент; "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының бүкiл сатылмаған мемлекеттiк пакетi - 39 процент. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.24. N 693 қаулысымен. P980693_ 2. Инвестициялық банктер арасында тендердiң екiншi кезеңiн жүзеге асыру үшiн сатылатын мемлекеттiк акциялар пакетiнiң төменде келтiрiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша мынадай проценттерi айқындалсын: "Жезқазғанцветмет" акционерлiк қоғамы - 5-20 процент; "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы - 5-7 процент; "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы - 2-4,5 процент; "Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамы - 5-15 процент. <*> ЕСКЕРТУ. 1 және 2-тармақтар өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.11.15. N 1588 қаулысымен. P971588_ 3. "Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1716 қаулысына P961716_ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Аталған қаулыға N 1 қосымшадағы 12 және 25 жолдар "Теңiзмұнайгаз АҚ" "Ембiмұнайгаз АҚ" алынып тасталсын; реттiк нөмiрi N 33, 34, 35 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "33 "Ақтөбемұнайгаз АҚ" "34 Лисаков КБК" "35 Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi