Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 980 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

      Мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы  N 980 қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Мынадай мазмұндағы 2 және 3 тармақтармен толықтырылсын: 
      "2. Департамент пен оның Алматы, Арқалық, Байқоңыр, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған облыстары мен қалаларындағы аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және оның аумақтық комитеттерiнiң мүлiктiк және өзге құқықтары және мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерлерi болып айқындалсын. 
      3. Департамент пен оған тiкелей бағынатын аумақтық органдары мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының меншiк қатынасында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi"; 
      2 және 3 тармақтар 4 және 5 тармақтар болып есептелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.