Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" мекемесi болып қайта құрылсын.
      Осы мекеменiң негiзгi функциялары:
      жекешелендiруден кейiнгi кезеңдегi ауыл шаруашылығы секторында жүргiзiлген құрылымдық қайта құруларды қаржылай қолдау;
      шағын және орташа агробизнес, селодағы нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыптасуына қаржылай көмек көрсету;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн сауықтыру шараларын қаржыландыру;
      сауықтыруға жататын кәсiпорындардың қаржылық мiндеттемелерiн есепке алу және оларды сауықтырудың тәртiбiн айқындау;
      асыл тұқым өсiру жұмысын, тұқым шаруашылығын дамытуды, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау болып белгiленсiн.
      Мекемеге ауыл шаруашылығын қолдауды жүзеге асыру үшiн бөлiнген қаражат ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн тiкелей дотациялауға бағытталуы мүмкiн емес.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы ереженi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. 3. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 қаулысының P941447_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-құжат 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.