Көмiрсутегi шикiзатын тасымалдаудың экономикалық тиiмдi
маршруттарын жоспарлау, құбыр желiсi көлiгiн дамытуда белсендi
инвестициялық саясат жүргiзу, мұнай-газ құбырларын қалпына келтiру,
жаңарту мен салуға тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы
(бұдан әрi - Компания) "Мұнай-газ құбырларын мемлекетаралық басқару"
атты ТАСИС жобасындағы Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi деп
белгiленсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
қаулысымен.
P971357_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591
қаулысымен.
P010591_
2. Компанияға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау үшiн арналы құбыр желiлерiн
қаржыландыруды, жобалауды, салуды және пайдалануды ұйымдастыру
жөнiнде Бас келiсiм-шартты (тапсырысшы) құқығы берiлсiн.
3. Компания 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн құбыр желiсi көлiгiн
дамыту бағдарламасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан
Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, мұнай-газ құбырларын қалпына кетiру,
жетiлдiру мен салу жобаларын қаржыландыру үшiн шетел инвестицияларын
тартудың мүмкiн нұсқаларын қарасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары