Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарда стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеу нысанын өзгерту жөнiндегi шаралар туралы

      Мемлекеттiк сектор ресурстарын басқару жөнiндегi реформаны және мемлекеттiк қызмет реформасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарға стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдердi екiншi деңгейдегi банктер арқылы дербес шоттар және пластикалық карталар арқылы, банктiк трансферттер арқылы төлеу нысанын енгiзу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң филиалдары арқылы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн трансферттердi жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi арқылы бюджеттiк ұйымдарға қолма қол ақша берудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк және Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнде ағымдағы (транзиттiк) шоттар ашсын.
      4. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың басшылары қызметкерлерге төлемнiң жаңа нысандарының пәрмендiлiгiн, сондай-ақ оның жүзеге асырылуының тәртiбiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын. 5. Стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеуге қызмет көрсету жөнiндегi шығыстар республикалық бюджеттiң есебiне жатқызылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.