Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы N 257 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "АКПО" акционерлiк қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы N 257 P970257_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер "кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына" (бұдан әрi - Агенттiк) деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "оңалтып" деген сөз "сыртқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтардағы "оңалтып басқару" деген сөздер "сыртқы басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Мемлекеттiк салық комитетi", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қаржы министрлiгiнiң салық комитетi", "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "оңалту рәсiмдерiнiң" деген сөздер "оңалту" деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.