Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 167
P960167_
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 42-құжат):
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң қызмет
көрсетулерiне ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен
жүзеге асырылады";
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
P960790_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,
256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi 21-реттiк нөмiрден кейiн мынадай мазмұндағы
тараумен толықтырылсын:
" Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
21 а) "мемлекеттiк Бюджеттiк банк" Алматы қаласы"
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары