Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656
P950656_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17,
194-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулыға қосымшаға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген
төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен "Петропавл электр
изоляциясы материалдары заводы" АҚ Петропавл қаласы" деген жол алынып
тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы